19:17 11 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
58 0 0

Венгерлік Wizz Air компаниясы Қазақстанда жаңа буын санатына жататын авиаотын өндірісін қолға алуға ниетті

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Венгерлік Wizz Air лоукостері "Әбу-Даби – Алматы" мен "Әбу-Даби – Нұр-Сұлтан" және Түркістан қаласына арнайы рейстер ашуға қызығушылық тынытып отыр, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. 

Бұл туралы Қазақстан премьер-министр Асқар Мамин мен WizzAir әуе компаниясының бас атқарушы директоры Джозеф Варадидің кездесуі кезінде айтылды.

Варади премьер-министрдің биылғы наурыз айындағы БАӘ-ге сапары аясында қол жеткізілген "Әбу-Даби – Алматы" және "Әбу-Даби – Нұр-Сұлтан" бағыты бойынша WizzAir-дың тұрақты жолаушылар әуе тасымалын бастау туралы уағдаластықтың іске асырылу барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар тараптар халықаралық бизнес және туристік қоғамдастық қызығушылық танытып отырған Түркістан, Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларына WizzAir әуе рейстерін ашу мәселесін талқылады. Сондай-ақ аймақтағы және әлемдегі аса перспективалы сауда бағыттары бойынша әуе жүк тасымалын ұйымдастыруды сөз етті.

"Сонымен қатар, WizzAir әуе компаниясы Қазақстанда жаңа буындағы авиаотын өндірісі саналатын – "тұрақты авиациялық отын" (sustainable aviation fuel) өндіруге де қызығушылық танытты", – делінген хабарламада.

Кездесуге индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Жасұлан Мәдиев қатысты.

Айта кетейік, WizzAir компаниясы – Орталық және Шығыс Еуропадағы ең ірі бюджеттік әуе тасымалдаушы. Компанияның әуе кемелері паркі Airbus A320 және A321 ұшақтарынан тұрады.

Оқи отырыңыз: Жаңа Түркістан қалай салынып жатыр – фото

2020 жылы компанияның жолаушылар айналымы 40 миллион адамды құрады, ал кірісі – 2,8 млрд еуро. Еуропаның 47 еліне және одан тыс жерлерге 900 бағыт бойынша бюджеттік әуе рейстерін орындайды.

Тақырып бойынша

Түркістан қаласында жаңа әуежай іске қосылды: рәсімге Елбасы қатысты
Түркістаннан алғашқы халықаралық рейс ашылды
Түркістан облысында Қазақстан-Қытай индустриялық паркі салынады
Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге қосымша рейстер қатынайды
Отандық әуе компаниясы Сауд Арабиясына тұрақты ұшуға рұқсат алды
Кілт сөздер:
Түркістан, әуе қатынасы
Загрузка...

Басты тақырып