13:31 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
5122 0 0

Әуежайда болған оқиға куәгерлері күдікті зат туралы хабарлама түскені туралы өз болжамдарын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Ақтау әуежайының қоршауға алынуына байланысты ресми ақпарат жоқ. Ал куәгерлердің айтуынша, ұшақ жолаушысының бірі күдікті пакетпен ұсталған, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы.

Ақтау халықаралық әуежайында болған оқиғаның видеосын куәгерлер Уoutube желісінде жариялады. Ол жерден ғимарат сыртына эвакуцияланған қарақұрым халықты көруге болады.

Сондай-ақ, тағы бір видеода ұшақ ішінде отырған жолаушылар көрінеді.

5 сәуірде болған оқиғаның куәгерлері күдікті зат туралы хабарлама түскені туралы өз болжамдарын алға тартады. Сондай-ақ, тағы бір куәгерлер ұшақ жолаушысынан ауру анықталғанын айтады.

"Шымкенттен ұшып келген FlyArystan ұшағында коронавируспен сырқаттанған ауыр науқас болды. Ұшақ жолаушылары бір сағатқа жуық сыртқа шығарылған жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен өзге де органдардың өкілдерін күтіп тұрды. Мұндай әрекет жолаушылардың шамына тиді", – дейді куәгерлердің бірі.

Оқи отырыңыз: Ақтау тұрғыны мыңнан астам қоқиқазды видеоға түсіріп алды

Бұл жағдайға қатысты құзыретті мекемелер әлі ресми түсініктеме берген жоқ.

Тақырып бойынша

"Дуа жасайтынын айтты": Ақтау тұрғыны пәтерінде күркетауық өсіреді– видео
Павлодарда қонақ үйден 200-ге жуық адам эвакуацияланды
Нұр-Сұлтанда әкімшілік ғимараттан 200-ге жуық адам эвакуацияланды
"Басы тиіп кетті": Ақтау мал базарында жаппай төбелес болды – видео
"Саран" шахтасынан 350 кенші эвакуацияланды
Кілт сөздер:
Ақтау, оқиға
Загрузка...

Басты тақырып