Өңірлер

Ақтау тұрғыны мыңнан астам қоқиқазды видеоға түсіріп алды

© Photo : пресс-служба комитета лесного хозяйства и животного мираРозовые фламинго в Актау
Розовые фламинго в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
Ролик авторы дрон қолданғанын айтты. Соның көмегімен құстарды үркітпей, керемет видео түсіріп алған

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Ақтау тұрғыны Қаракөлдегі мыңнан астам қоқиқазды видеоға түсіріп алды.

Бұл кадрларды Нұркен Тәжібай 9 наурыз күні Қаракөлде түсірген. Түсірілім шамамен жарты сағатқа созылды, деп жазады "Лада" басылымы.

"Мұнша қоқиқазды бір жерде алғаш рет түсіру мүмкіндігі бұйырды. Дронды ұшырған кезде құстар аз болды. Кейде, тіпті, бірнеше топқа бөлініп кетіп отырды", – деді видео авторы.

Оның айтуынша, дрон құстарға еш кедергі жасамаған.

"Керісінше олар техникаға мән бермеді. Бірнеше мәрте коптерге қанаттары тиіп кетті. Техника қирап, суға құлайды деп ойладым. Алайда жолым болды", - деді Нұркен Тәжібай.

Бұған дейін Азамат Сәрсенбаев қоқиқаздардың видеосын бөліскен болатын.

Жаңалықтар
0