23:05 16 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR517.55
  • RUB5.94
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Ақмола облысының әкімшілік орталығы саналатын Көкшетау қаласының жаңа әкімі бұған дейін Зеренді ауданында басшы болған

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Ақмола облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ғайса Бауыржан Сейтқалиұлы Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Ал бұған дейін Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов болған. Ал Бауыржан Ғайса Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі қызметін атқарған.

Көкшетаудың жаңа әкімі туралы не білеміз

Ғайса Бауржан Сейтқалиұлы, Көкшетау өңіріндегі Куйбышев елді мекенінде 1972 жылы дүниеге келген, бiлiмi жоғары. 1996 жылы Челябi мемлекеттiк агроинженер университетiн "инженер-механик" бiлiктiлiгi, 2006 жылы Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн "есеп және аудит бакалавры" бiлiктiлiгi бойынша, 2014 жылы Кутно қаласындағы (Польша) мемлекеттiк экономика жоғарғы мектебiн "Еуропа Одағындағы мемлекеттiң қауiпсiздiгi" мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kókshetaý q. ákimdigi (@7162akimdigi)

Бауыржан Сейтқалиұлы 1992 жылғы сәуірден 1994 жылғы желтоқсанға дейін Қостанай облысындағы "Күміс" шағын кәсіпорнында тауартанушы болып жұмыс істеді. 1994 жылдан 2011 жылға дейін ол бірқатар жеке кәсіпорындарда басшылық қызмет атқарған.

2013 жылдың сәуірінде "Нұр Отан" ХДП Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, 2014 жылдың наурызынан 2016 жылдың наурызына дейін "Нұр Отан" партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2016 жылдың наурызынан 2018 жылдың маусымына дейін Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы болды.

2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімі болды.

Оқи отырыңыз: Атыраулық азамат полицей болу үшін әкім лауазымынан бас тартты

2019 жылдың сәуірі мен қазан айы аралығында Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – іс басқарушы болып жұмыс істеді.

Сол жылдың қазан айында ол Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі лауазымына тағайындалған.

Тақырып бойынша

Алматы облысында өз еркімен отставкаға кеткен әкім қызметінде қалды
Елорда "қызыл" аймақтан қай кезде шығады – әкім жауабы
Сағынтаевқа мұңын шаққан бойжеткен жылап жіберді - әкім мәселені сол мезетте шешті
"Қағып алар едім": Әкім Елтаңбаны көтермеген Сапарбаевтың әрекетіне пікір білдірді
Таразға жаңа әкім тағайындалды
Кілт сөздер:
Көкшетау, әкім
Загрузка...

Басты тақырып