Өңірлер

Атыраулық азамат полицей болу үшін әкім лауазымынан бас тартты

© Photo : Атырау облыстық полиция департаментіЗинел Қайыров
Зинел Қайыров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол Бәйгетөбе ауылдық округінде әкім болған. Екі жыл бұрын құқық қорғау саласында қызмет ету үшін қызметін ауыстырды

АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Атырау облысының тұрғыны бала арманын орындау үшін ауыл әкімі болудан бас тартқан. Қазір Зинел Қайыров Жаңаталап ауылының учаскелік полиция инспекторы болып қызмет етеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол екі жыл бұрын әкім лауазымынан бас тартты. Қайыров 2009 жылы университетті тарих мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын Мақат ауданында орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

© Photo : Атырау облыстық полиция департаментіЗинел Қайыров отбасымен
Атыраулық азамат полицей болу үшін әкім лауазымынан бас тартты - Sputnik Қазақстан
Зинел Қайыров отбасымен

Кейін сол ауданға қарасты Бәйгетөбе ауылдық округінде әкім болған. Екі жыл бұрын құқық қорғау саласында қызмет ету үшін қызметін ауыстырды. Қазір Жаңаталап ауылының тәртібі мен тыныштығын күзетеді.

"Ел іші мәселесіз болмайды. Ұрлық, төбелес, ішімдік ішу және тағы да басқа сан түрлі қылмыс пен келеңсіздіктің алдын алу да оңай шаруа емес. Мұндай жағдай тұрғындардың ішкі мәдениетінің төмендігінен де туындайды. Соның алдын алу мақсатында біз ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жиі жүргіземіз. Әрине, тәртіп сақшысының міндеті – қоғамдық тәртіпті қадағалау, қылмысты мейлінше болдырмау, оның алдын алу", - дейді Қайыров.

Айтуынша, өзі қызмет ететінін ауылда жастар тәртіпті. Түнде балалардың көшеде жүргенін көрсе, ата-анасына да, баланың өзіне де ескерту жасайды.

Зинел Қайыровтың бір ұл, бір қызы бар. Ол отбасымен бірге қызметтік пәтерде тұрады. Мемлекет жағдай жасап отырған соң адал қызмет етуді басты міндеті деп санайды.

Жаңалықтар
0