НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Қарағанды қаласының 15-ықшам ауданында орналасқан үйлердің бірінің дәлізінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылды, көкек ана іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
3 наурыз күні сағат 00.15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшам ауданда орналасқан үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткендігі туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Бала ауруханаға жеткізілді.
Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында сәбиін дәретханаға тастап кеткен әйел ұсталды
Аталған факт бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-тармағына (Қауіпті жағдайда қалдыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.