Өңірлер

Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Тұрғындар 15-ықшам ауданда орналасқан үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткенін хабарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Қарағанды қаласының 15-ықшам ауданында орналасқан үйлердің бірінің дәлізінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылды, көкек ана іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.  

3 наурыз күні сағат 00.15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшам ауданда орналасқан үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткендігі туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Бала ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында сәбиін дәретханаға тастап кеткен әйел ұсталды 

Аталған факт бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-тармағына (Қауіпті жағдайда қалдыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0