Өңірлер

Қарағандыда пәтерге күшпен кірген сот орындаушылары есеңгіреп қалды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАрхивное фото пожилой женщины
Архивное фото пожилой женщины - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Жазылу
Зейнеткер көршілері лақтырып тастаған ойыншықтарды, тұрмыстық заттарды, ыдыс-аяқты, тіпті тамақ қалдықтарын үйіне жинаған

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Қарағандыда соттың пәтерді қоқыстан тазарту туралы шешімі орындалды, деп хабарлады "Пятый канал".

Үй иесі – 83 жастағы әйел. Ол көп қабатты үйдің және оның айналасындағы тұрғындардың бәріне таныс, өйткені күн сайын қоқыс контейнерлерін ақтарады. Зейнеткер көршілері лақтырып тастаған ойыншықтарды, тұрмыстық заттарды, ыдыс-аяқты, тіпті тамақ қалдықтарын үйіне тасиды.

Көршілер сасық иістен, тарақан мен кеміргіштен мезі болған.

"Біз барлық жерге шағымдандық. Қандала, тарақан, тышқан басып қалды. Пәтерге кіру, дем алу мүмкін емес. Оның үйінде дәретхана жоқ. Ол нәжісті жинап, лақтырады", - дейді үй тұрғыны Евгения Данилевская.  

Сот орындаушылары мен полиция қызметкерлері көршілер сотта жеңіске жеткеннен кейін бір жыл өткен соң пәтерге кірді.

"Өте мықты әйел, шегіндіре алмайсың. Күшінің көптігі соншалық, ішіне жын кіріп алғандай әсер қалдырады", - деді сот орындаушы Азамат Әбдірахман.

Егеуқұйрық қаптап кеткен: Атыраудағы пәтерден 30 тонна қоқыс шығарылды

Көршілер қоқысты шығару үшін жұмысшылар бригадасын жалдап, шамамен 150 мың теңге жұмсаған.    

"Мен мұндайды бұрын-соңды көрген емеспін. Өмір бойы мұнша қоқысты көрмеген едім", - деп таңғалды жұмысшылардың бірі.

Нәтижесінде келесі күні пәтердің бір бөлігі қоқыстан тазартылды. 20 тонналық КамАЗ қоқысқа толды. Сот шешімімен пәтерді мәжбүрлеп тазарту оқиғасы бұрын-соңды болмаған. Әдетте мұндай пәтерді меншік иесі қайтыс болғаннан кейін немесе мәжбүрлі емделуге жіберілгеннен кейін тазартылып жатады.

 

Жаңалықтар
0