Өңірлер

Егеуқұйрық қаптап кеткен: Атыраудағы пәтерден 30 тонна қоқыс шығарылды

© Photo : СС0 / Karsten Paulick Егеуқұйрық, архивтегі сурет
Егеуқұйрық, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалғызбасты әйелдің пәтерін қоқыстан тазартуға екі күн кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым — Sputnik. Коммуналдық қызмет мамандары алпыс жастағы әйелдің пәтерінен 30 тонна қоқыс шығарды. Ол тұрмыстық қалдықтарды 20 жылдан астам уақыт бойы жинаған.

Облыстық әкімдіктің чатына пәтерден шыққан иіске шыдай алмаған тұрғындар ақпарат жолдаған. Әйелдің көршілері иіспен қоса, үйді егеуқұйрық басып кеткенін айтыпты.

"Қазір пәтер бірнеше жыл бойы жиналған қоқыстан тазартылып жатыр", - деп жауап берді тұрғындардың шағымына әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Спецавтобаза" ЖШС-ның он қызметкері пәтерді екі күн бойы тазартқан. Қоқыс үш КамАЗ-бен шығарылыпты. Пәтер қоқыстан тазартылған соң үйді залалсыздандырып, егеуқұйрық пен түрлі жәндіктер улау жұмыстары жүргізілді.

Тағы оқыңыз: Оралда қоқыс жәшіктері жаппай ұрланып жатыр

Заттарды жинаудың патологиялық дертіне шалдыққан алпыс жастағы әйелге медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Қазір ол әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізілді. Мамандар оның құжаттарын жаңартып, зейнетақы рәсімдеуіне көмектеседі.

Жаңалықтар
0