Өңірлер

Алматы қалың қардың астында қалды – фото

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда бір түнде 10-15 сантиметр қар жауды
Алматыда бір түнде 10-15 сантиметр қар жауды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Қар күреу жұмыстары басталды. Жол апаттарының алдын алу мақсатында түнде көшелерге көктайғаққа қарсы материалдар себілді 

АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Алматыда бір күнде 10-15 сантиметр қар жауды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалада қар 9 ақпан сағат 20.00-де жауа бастады. 10 ақпан сағат 06.30-дағы жағдай бойынша қалада 10-15 сантиметр қар жауды, ал таулы аймақтарда қардың қалыңдығы 20 сантиметрге дейін жетті.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда бір түнде 10-15 сантиметр қар жауды
Алматы қалың қардың астында қалды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Алматыда бір түнде 10-15 сантиметр қар жауды

Қала әкімдігінің хабарлауынша, қарды сыртқа шығару жұмыстары басталды, қазірге дейін 830 текше метр қар шығарылды.

© Sputnik / Тимур БатыршинҚазірге дейін 830 текше метр қар шығарылды
Алматы қалың қардың астында қалды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Қазірге дейін 830 текше метр қар шығарылды

Аудандық әкімдіктерде тәулік бойына кезекшіліктер ұйымдастырылған. 10 ақпан таңнан бастап қар тазалаумен 552 техника, 1 890 жұмысшы айналысып жатыр.

© Sputnik / Тимур БатыршинҚар тазалаумен 552 техника, 1 890 жұмысшы айналысып жатыр
Алматы қалың қардың астында қалды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Қар тазалаумен 552 техника, 1 890 жұмысшы айналысып жатыр

Тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймағы, қоғамдық көлік аялдамалары, автотұрақтар, жерасты өткелі, саябақтар мен гүлзарлар тазартылады.

© Sputnik / Тимур БатыршинТротуарлар, жаяу жүргіншілер аймағы, қоғамдық көлік аялдамаларын қар басып қалды
Алматы қалың қардың астында қалды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймағы, қоғамдық көлік аялдамаларын қар басып қалды

Көктайғақтың алдын алу мақсатында түнде жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілді. Сондай-ақ, қар күреу колонналары ұйымдастырылды, оған жол полициясы патрульдік көліктері ілесіп жүрді. Түнде қаладағы қар тазалау жұмыстарына 557 техника, оның ішінде 221 құмлақтырғыш жұмылдырылды. 676 адам қар тазалау жұмысымен айналысты.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда бір түнде 10-15 сантиметр қар жауды
Алматы қалың қардың астында қалды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Алматыда бір түнде 10-15 сантиметр қар жауды

Сондай-ақ, 3 340 тонна көктайғаққа қарсы материал себілді.

© Sputnik / Тимур БатыршинТаулы аймақтарда қардың қалыңдығы 20 сантиметрге дейін жетті
Алматы қалың қардың астында қалды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Таулы аймақтарда қардың қалыңдығы 20 сантиметрге дейін жетті

Айта кетейік, 11 ақпанда Алматыда күн бұлтты болады, қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +3...+5 градус, түнде -2...0 градус болады. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с жетеді.

Жаңалықтар
0