АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Алматыда театр мен кинотеатрдың қызметіне тыйым салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қаулыға сәйкес, мәдениет нысандары, ойын-сауық мекемелері, букмекерлік кеңсе қызметіне тыйым салынған.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырған барлық науқас ауруханаға жатқызылады.
Дүйсенбі-жұма аралығында сауда және ойын-сауық орталықтары 10.00-20.00 арасында жұмыс істейді, ал сенбі және жексенбіде жабық болады.
Жеке тұрған және ірі сауда нысандарындағы азық-түлік дүкендері мен дәріханалар штаттық режимде жұмыс істейді, бір келушіге 4 шаршы метр талабы сақталуы қажет.
Денсаулық министрі Тоқаевқа қандай жағдайда карантин қатаңдатылатынын айтты
Қоғамдық тамақтану орындары сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұжымдық іс-шара өткізбей жұмыс істейді.
Базарлар 17:00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі күндері жабылады.
Сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері мен фудкорттардың жұмысы шектеледі. Жеткізу қызметі сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Сауна, СПА-орталықтар, бассейндер сағат 8.00-21.00 аралығында ашық болады, сенбі-жексенбі жабылады.
Қызметкер саны 20 адамнан көп ұйымдар жұмысшыларының 80%-ін қашықтықтан жұмыс режиміне көшіруі қажет. Бұл тізімге қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар, өнеркәсіптік, құрылыс саласының қызметкерлері кірмейді.
Банктер, "Қазпошта", ХҚКО алдын ала жазылу бойынша таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін ашық болады.
Қаулы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.