16:29 02 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD417.90
  • EUR503.07
  • RUB5.64
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (102)
55 0 0

Өңірде 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын дайындалды, деп хабарлады облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцина әуелі медицина қызметкерлеріне салынады. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау жұмыстары кезең-кезеңімен жүреді, деп хабарлады Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оқи отырыңыз: Алматылық дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтынын хабарлады 

Әуелі медицина қызметкерлеріне, кейін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен полиция қызметкерлеріне егіледі, ал жеке азаматтарға өз қалауымен ғана екпе жасалады.  

Марат Пашимовтың айтуынша, бүгінгі таңда облыс бойынша 2021 жылдың 1 қаңтары мен 25 қаңтары аралығында COVID-19 індетін 327 адам жұқтырған. 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш – 16,2. Оның ішінде симптомдармен – 59 жағдай, симптомдарсыз –268 жағдай тіркелген.

"Облыс бойынша 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі–24,4% (149 адам), карантиндік төсек-орынның жүктемесі 10,0% (34 адам). Коронавирус инфекциясының әр түрлі сценарийіне байланысты инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар", - деді Марат Орынбасарұлы.

Сондай-ақ брифингке қатысқан Түркістан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Нұрбек Нышанов карантин талаптарын бақылайтын мобильді топтардың жұмысын баяндады.

"Мобильді топтар 5024 нысанды араланды. Полиция бөлімінен келіп түскен ақпарат негізінде 581 хаттама толтырылып, 32 087 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның ішінде жеке 565 жеке тұлға, 13 жеке кәсіпкер, 1 заңды тұлға, 2 лауазымды тұлға карантин талаптарын бұзған", - деді Нұрбек Садықбекұлы.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (102)

Тақырып бойынша

Германияда вакцинадан бас тартқандар жұмыстан қуылды
Министрлік "вакцинадан көз жұмған" қазақстандыққа қатысты пікір білдірді
Денсаулық министрі Тоқаевқа карантиннің күшейтілуі туралы айтып берді
Бір тәулік ішінде 1 548 адам COVID-19-ға шалдықты
Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салуға бола ма?
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып