Өңірлер

Қатты аяз және жел – ертеңге ауа райы болжамы жарияланды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуҚар, бұрқасын
Қар, бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың бірқатар өңірінде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін күшейеді деп болжануда. Солтүстікте 40 градус аяз болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Жексенбі, 24 қаңтарда синоптиктер бірқатар өңірде қар түрінде жауын-шашын болжап отыр. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады және жел күшейеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Өңірлердегі ауа райы

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтілуде. Атырау облысында көктайғақ болады, Маңғыстау облысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м\с дейін барады.

Ақтөбе облысында кей жерлерде бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман, бұрқасын, қатты жел болжанып отыр. Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Тағы оқыңыз: Қазгидромет: желтоқсан айында соңғы 8 жылдағы ең қаһарлы қыс болды

Шығыс Қазақстан облысында, түнде Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарында кей жерлерде бұрқасындатады, жел 15-20 м\с дейін күшейеді. Сондай-ақ, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерді тұман басады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде 40 градусқа дейін аяз болады деп болжануда.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда 24 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады. 2-4 м\с жел. Түнде ауа температурасы -18-23 градус, күндіз -20-24 градус аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, 1-3 м\с жел соғады. Сынап бағанасы түнде 5-6 градус, күндіз 4-5 градус суықты көрсетеді.

Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 2-5 м\с. Түнде температура – 2-3 градус суық, күндіз нөлден -1 градусқа дейін.

Жаңалықтар
0