Өңірлер

Қазақстанның 5 облысында сайлау учаскелері бір сағатқа кеш ашылды

© Sputnik / Абзал КалиевПриглашение на выборы в мажилис и маслихаты
Приглашение на выборы в мажилис и маслихаты  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кейбір өңірлеріндегі сайлау учаскелері уақыт белдеулері арасындағы айырмашылыққа байланысты бір сағатқа кеш ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. 10 қаңтарда мәжіліс сайлауы Қазақстанның бес облысының тұрғындары үшін кешірек басталды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның басым бөлігінде сайлау учаскелері ашылды 

Сонымен, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында (оның ішінде Байқоңыр қаласында) сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-де ашылды. Бірақ өңірлер басқа уақыт белдеуінде болғандықтан, дауыс беру республиканың қалған өңірлеріне қарағанда бір сағатқа кештеу басталды.

Учаскелер жергілікті уақыт бойынша 20.00-де жабылады.

Байқоңырдағы дауыс беру  

Байқоңырда дауыс беруге арналған 11 сайлау учаскесі ашылды.

Бұған дейін хабарланғандай, қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында өз сайлау құқығын пайдалану үшін учаскелік сайлау комиссияларына Қазақстан азаматтарының тізімін тапсырды.  

Учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушыларды тізіммен таныстыру жұмыстарын 26 желтоқсанда бастады.   

Жаңалықтар
0