НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Павлодар қаласындағы "Лесозавод" мөлтекауданында жылу құбыры жарылып, бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды.
"Павлодар жылу желілері" ЖШС-не сілтеме жасаған қала әкімінің баспасөз қызметі 7 қаңтар күні таңертең Центральная көшесінің бойындағы жылу құбырына зақым келгенін хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
9 көп қабатты үй мен 31 жер үй және 5 мекеме жылудан ажыратылды. Қазіргі кезде апат орны анықталып, жауапты мекеме қызметкерлері төтенше жағдайды қалпына келтірумен айналысып жатыр.
7 қаңтарға қараған түні жергілікті тұрғындар тарапынан үйдің жылу температурасы төмендеп кеткені жөнінде көптеген шағым түскен. Осы жағдайға байланысты әкімдік ғимараттарда жылу өшірілмегенін, бірақ жылу параметрлері төмендегенін хабарлады.
Оқи отырыңыз: Алматының қақ ортасында жылу құбыры жарылды: төрт адам күйіп қалды - видео
Сонымен қатар, жылу желілерінде болған апат салдарынан Чокин көшесіндегі 9 көп қабатты тұрғын үй мен 2 жер үй де жылу құбырынан ажыратылды. Қазіргі кезде ол жерде де қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.