Өңірлер

Павлодарда құбыр жарылып, бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды – видео

© Sputnik / Вадим Жернов / Фотобанкке өтуЖылу құбырындағы апат, архивтегі сурет
Жылу құбырындағы апат, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Апатқа байланысты 9 көп қабатты тұрғын үй мен 31 жер үй және 5 мекеме жылу желісінен ажыратылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Павлодар қаласындағы "Лесозавод" мөлтекауданында жылу құбыры жарылып, бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды.

"Павлодар жылу желілері" ЖШС-не сілтеме жасаған қала әкімінің баспасөз қызметі 7 қаңтар күні таңертең Центральная көшесінің бойындағы жылу құбырына зақым келгенін хабарлады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Это Павлодар, детка 🤷🏼‍♂️ (@pavlo.detka)

9 көп қабатты үй мен 31 жер үй және 5 мекеме жылудан ажыратылды. Қазіргі кезде апат орны анықталып, жауапты мекеме қызметкерлері төтенше жағдайды қалпына келтірумен айналысып жатыр.

7 қаңтарға қараған түні жергілікті тұрғындар тарапынан үйдің жылу температурасы төмендеп кеткені жөнінде көптеген шағым түскен. Осы жағдайға байланысты әкімдік ғимараттарда жылу өшірілмегенін, бірақ жылу параметрлері төмендегенін хабарлады.

Оқи отырыңыз: Алматының қақ ортасында жылу құбыры жарылды: төрт адам күйіп қалды - видео

Сонымен қатар, жылу желілерінде болған апат салдарынан Чокин көшесіндегі 9 көп қабатты тұрғын үй мен 2 жер үй де жылу құбырынан ажыратылды.  Қазіргі кезде ол жерде де қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0