Өңірлер

Қостанай облысында әуежай пәтер бағасымен сатылғалы жатыр

© AP Photo / Ted S. WarrenBoeing 737 MAX, архивное фото
Boeing 737 MAX, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Хабарландыру беруші бұрынғы әуежайды ірі қара мал ұстау үшін пайдалануға болатынын да жазып қойыпты

АЛМАТЫ, 24 желтоқсан – Sputnik. Желіде 20 жылдан бері жұмысы тоқтап тұрған Арқалық қаласындағы әуежайды шұғыл сату туралы хабарландыру пайда болды.

Бес гектар аумақта орналасқан бірнеше ғимарат құны 30 миллион теңгеге бағаланып отыр. Хабарландыру беруші бұрынғы әуежайды ірі қара мал ұстау үшін пайдалануға болатынын жазып қойған.

Айуынша, белгіленген бағадан арзандатуы да мүмкін, яғни, саудаласуға болады. Сатып алушылармен риэлторлар сөйлеседі.

"Хабар 24" ақпараты бойынша, әуежай 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыссыз тұр. Сол уақытта қаламен әуе қатынасы тоқтатылған. Кейінгі жылдары нысан жекеменшікке ауысты, ал жергілікті биліктің әуежайды қалпына келтіретін ойы жоқ.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда әуежай қызметкерінің киімі жұртты таңғалдырды – видео

Жаңалықтар
0