Қоғам

Нұр-Сұлтанда әуежай қызметкерінің киімі жұртты таңғалдырды – видео 

© Photo : Пресс-служба министерства индустрии и инфраструктурного развития КазахстанаАэропорт Нурсултан Назарбаев, регистрация пассажиров
Аэропорт Нурсултан Назарбаев, регистрация пассажиров  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Смарт-дулыға арқылы өтіп бара жатқан адамның дене қызуын анықтауға болады. Температура нормадан жоғары болса, бірден дыбыс және визуалды дабыл қағылады

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Астаналық әуежайда тепловизоры бар смарт-дулығаны сынақтан өткізу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Интеллектуалды дулыға Қытайдың Шэньчжэнь қаласында жасалған. Соның көмегімен адамның дене қызуын лезде өлшеуге болады. Әзірше, әуежайға бір ғана дулыға келді. Оны сынақтан өткізіп жатыр.

© Photo : Пресс-служба аэропорта Нурсултан Назарбаев Алдағы уақытта сынақтан кейін қосымша смарт-дулығалар жеткізілуі мүмкін
Нұр-Сұлтанда әуежай қызметкерінің киімі жұртты таңғалдырды – видео  - Sputnik Қазақстан
Алдағы уақытта сынақтан кейін қосымша смарт-дулығалар жеткізілуі мүмкін

Құралдың ішінде орналасқан тепловизор бес метрлік қашықтықта адамның температурасын анықтай алады. Дене қызуы шамадан жоғары болса, бірден дабыл қағылады.  

"Негізгі функция – термометрия. Бірақ смарт-дулығаның басқа да мүмкіндіктері бар. Мәселен, қызметтік куәлік арқылы қызметкерлерді анықтай алады, қызметтік көліктер туралы ақпарат шығару функциясы да бар", - дейді әуежайдың денсаулық бекеті меңгерушісінің міндетін атқарушы, терапевт Әбдіғани Шапулатов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта сынақтан кейін қосымша смарт-дулығалар жеткізілуі мүмкін. 

"Адамдар бұл қайдан келген "робокоп" деп сұрайды. Біз әлемдік тәжірибені зерделеп отырамыз ғой. Сөйтіп, осы өнімді өз әуежайымызда тексеріп шыққанды жөн көрдік", - деді Шапулатов.

Бүгінде смарт-дулыға тек Нұр-Сұлтанда ғана бар. Республиканың басқа әуежайларында ондай тәжірибе жоқ. 

Айта кетейік, соңғы кезде әуежайда дезинфекциялық жұмыстар күшейді. Санитайзерлердің саны көбейді. Санитарлық өңдеу шаралары да артты. Дезинфекция әрбір 10-15 минут сайын жасалады.

Әуежайда 15 тепловизор орнатылған. Осы құрылғылар күні-түні жүрген адамдардың дене қызуын өлшеп тұрады. Ал барлық мәлімет басқару пультіне түседі. Ол жерде әуежай қызметкерлері ақпаратты өңдеп отырады.

 

Жаңалықтар
0