Өңірлер

Экология министрі Бозжыра шатқалындағы құрылысқа қатысты жазба жариялады

© Photo : Сайт VizitMangystauУрочище Бозжыра
Урочище Бозжыра - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Инвестициялық компания өкілдері құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін "Жабай ұшқан" қорығынан басқа жерді таңдауға дайын

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. "Жабай ұшқан" қорығы аумағында орналасқан Бозжыра шатқалында салынады делінген қонақ үй басқа жерге ауыстырылады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

"Жергілікті тұрғындардың, ғалымдар мен қоғам белсенділерінің ұсынысы бойынша нысанның құрылысы "Жабай ұшкан" қорығының аумағынан тыс жерге көшіріледі. Инвестициялық компания өкілдері өз тарапынан жобаны жүзеге асыратын жерді қайта қарауға және қорықтан тыс басқа жерді таңдауға дайын екендігін растады", – деп жазды Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында.

Осы кезге дейін министр Ақтауда ғалымдармен, биологтармен, шетелдік сарапшылармен және жергілікті қоғам қайраткерлерімен кездесу өткізген.

Министр қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қонақ үй құрылысы аймақтағы туристік әлеуетті дамытумен қатар, жаңа жұмыс орындарын құруда қажет жоба екендігін құптағанын атап өткен.

"Олардың барлығы да туристік нысан салу жобасы аймақ үшін маңызды деген пікірге келді. Ал Бозжыра шатқалы сияқты табиғаты ерекше жерлерде біз экожүйені бұзбай, туризмді дамытуда тепе-теңдікті сақтауымыз керек", – дейді Мырзағалиев.

"Бозжыра" жобасына қатысты дау

Бұған дейін олар Бозжыра шатқалында қонақ үй салынатыны туралы БАҚ-та хабарланған болатын.

Алайда, қазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы табиғаты ерекше осы аймақта құрылыс жүргізуге қарсы пікірлерді  жаппай жаза бастады.

Кейіннен президент Қасым-Жомарт Тоқаев қонақ үй жобасына қатысты қоғамдық резонансты ескере отырып, оны қайта қарауды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау әкімі Бозжыра шатқалында қонақ үй салуға қатысты ойын айтты

Айта кетейік, Бозжыра аймағы "Жабай ұшқан" табиғи қорығының аумағында орналасқан.

Қорық Маңғыстау облысы әкімінің 2012 жылғы қаулысына сәйкес құрылды. Ол облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік аймақтық табиғи паркіне жатады.

Жаңалықтар
0