Өңірлер

Батыс Қазақстанда төрт ауыл жойылады

© Sputnik / Андрей Архипов / Медиабанкке өтуУмирающая деревня
Умирающая деревня - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті билік 50-ден аз адам тұратын шағын елді мекендерді дамыту экономикалық жағынан тиімсіз деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында төрт елді мекен жойылады, мұндай шешімді мәслихат депутаттары қабылдады.

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында орналасқан Сүттігенді, Жаңаауыл, Тасаншеген, Қарабас ауылдары өңірлік мәслихаттың 2020 жылдың 30 қыркүйегіндегі шешімімен таратылады.

Ашық дереккөздердің мәлімет бойынша бұл елді мекендерде 50-ден 100-ге дейін адам өмір сүрген (2009 жылғы санақ деректері).

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда 38 ауыл жойылады 

Бұған дейін мұндай шешім Шығыс Қазақстан облысында қабылданған, онда экономикалық тұрғыдан болашағы жоқ деп танылған сегіз ауыл жойылды.

Ал Қостанай облысындағы ауылдардың саны бесеуге азайды, ол елді мекендерде 50-ден аз адам тұрған.   

Солтүстік Қазақстан облысында 97 ауыл жойылуы тиіс.

Жергілікті билік шағын елді мекендерді жою туралы шешімді оларда қажетті инфрақұрылымның жоқтығымен және оларды дамыту экономикалық тұрғыдан тиімсіз екендігімен байланыстырып отыр.  

Жаңалықтар
0