Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда 38 ауыл жойылады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАуыл балалары, архивтегі фото
Ауыл балалары, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет болашағы жоқ және шағын елді мекендерге бюджет қаржысын жұмсауды тиімсіз деп есептейді

АСТАНА, 21 қазан — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында 38 ауылдың төрт жүзге тарта тұрғыны болашағы бар елді мекендерге көшіріледі деп жоспарлануда.  

Ауыл - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавл түбіндегі төрт ауыл жойылып кетті

СҚО-да болашағы бұлыңғыр елді мекендер жойылмақ. Мектеп, аурухана, балабақша салуға, жолдарды жөндеп, су құбырын тартуға және тағы басқа құрылыс жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу кезінде болашағы бар ауылдар ғана қарастырылады, деп жазды өңірлік Петропавловск.news сайты.  

"Бүгінгі таңда облыстағы 38 ауылды жою рәсімі жүріп жатыр, олардың әрқайсында шамамен 10 адамнан ғана тұрады. Мемлекет басшысы ресурстарды ұтымды пайдалануды және қаражатты болашағы бар ауылдарға, аудан орталықтарына ғана құю қажеттігін айтып келеді. Тұрғындар неғұрлым көп болса, жұмыс орны соғұрлым көбейеді, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға негіз болады",  — деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова облыс тұрғындарымен кездесу барысында.


Жаңалықтар
0