Өңірлер

Петропавл түбіндегі төрт ауыл жойылып кетті

© Sputnik / Александр КряжевАуыл
Ауыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Петропавл қоғамдық кеңесінде төрт елді мекенді жою туралы қаулы талқыланды

ПЕТРОПАВЛ, 8 тамыз — Sputnik. Петропавл қаласына төрт елді мекен қосылды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Петропавл қаласының аумағында орналасқан төрт елді мекенді жою туралы қала мәслихатының шешімі мен қала әкімдігінің тиісті қаулысы сәрсенбі күні қоғамдық кеңестің талқылауына ұсынылды.

"Төрт елді мекен — Новопавловка, Кубышевское, Тепловское, Остановочный пункт 2629 — Петропавл қаласына жатады. Алайда әкімшілік-аумақтық нысандардың ұлттық классификаторында бұл ауылдар ауылдық елді мекен мәртебесіне ие", — деді қалалық әкімдіктің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әділ Мерғалымов.

Осыған байланысты кодтарды үнемі шатастыратын көрінеді: бір жағынан бұл ауылдарда Петропавл қаласының коды белгіленсе, екінші жағынан әр елді мекеннің өзінің жеке коды бар. Мұндай қателіктер Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын нысандардың мекенжайын белгілеу ережелеріне қайшы келеді. Ал аталған ауылдарды қала аумағына жатқызу әртүрлі ақпараттық жүйелердегі бірізділікті қалыптастырады.

Петропавлда екі қабатты үйдің қабырғасы құлады - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлда екі қабатты үйдің қабырғасы құлады

"Бұл шешімнің қабылдануы елді мекен тұрғындарына ешқандай әсерін тигізбейді, олар бұрынғыша ауыл тұрғындарына тиесілі басымдықтарға ие болып қала береді. Оның үстіне, географиялық тұрғыдан бұл ауылдар қаланың ішінде орналасқан", — деп атап өтті Мерғалымов.

Оның айтуынша, жергілікті халықпен жиналыс өткізіліп, тұрғындар бұл бастамаға қолдау білдірген екен. 

Ұсынысты қала қоғамдық кеңесінің мүшелері де мақұлдады.

Тағы оқыңыз: Қытай Петропавлда ірі зауыттар кешенін салмақ

Жаңалықтар
0