20:12 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
184 0 0

Пәтерді жалдау фактісі бойынша жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижесінде, ол жерде тұрып жатқан адамның Өскемен қаласы әкімдігінің қызметкері емес екендігі анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Өскемен қаласының әкімдігі өз қызметкерлерінің жетім балаларға берілуі тиіс тұрғын үйлерде тұратындығын жоққа шығарды, деп хабарлайды YK-news.kz басылымы.

Бұған дейін әкімдіктің тұрғын үй қатынастары бөлімінің мамандары мен полиция қызметкерлері және КСК өкілдерінен құралған арнайы комиссия 102 пәтерді тексеріп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтағаны БАҚ беттерінде жарияланған болатын. Ол жерде Өскемен қаласы әкімдігінің қызметкерлері тұратыны айтылған.

Осыдан кейін "Үміт" балалар үйінің қызметкерлері жағдайдың жай-жапсарын түсіндірді.

"Бала бізге төрт жасында келгенде, оны бірден жасы 18-ге толғанда өзіне тиесілі болатын баспана кезегіне қойдық. Енді біз сол кезек арқылы берілетін пәтерден бас тарта алмаймыз. Олай істесек, кейін ол түпкілікті баспанасыз қалуы мүмкін. Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің ережесіне сәйкес, оны үшінші тұлғаға жалға беруге құқығымыз бар. Солай жасадық та", – дейді "Үміт" балалар үйінің әлеуметтік педагогы Қарлығаш Құсайынова.

Сонымен қатар, ол тұрғын үйді жалға бергенде жалдаушының жұмыс орнын айқындауға құқылы емес екенін түсіндірді.

Ал ол жерде уақытша тұрған азаматтар тұрғын үй алаңының жалдау ақысы мен коммуналдық қызмет ақысын төлеп тұрады. Сонымен қатар, балалар үйінің жетекшілері ата-ана қамқорлығынсыз қалған және оның жылжымайтын мүлкін мемлекет есебінен алған баланың есепшотына ай сайын 20 000 теңге аударып туруға міндеттеледі.

"Пәтерді үшінші тұлғалардың жалдау фактісі бойынша "Үміт" балалар үйі қызметтік тексеріс жүргізді. Оның қорытындысы бойынша бұл пәтерді жалдап тұрған адам Өскемен қаласы әкімдігінің қызметкері емес екендігі белгілі болды", – дейді Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің бастығы Фархат Жілібаев.

Оқи отырыңыз: Жетім балалар қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген қызметкер ұсталды

Тақырып бойынша

Қашықтан оқыту кезінде балалар оқу тапсырмасын ғана орындайды – Аймағамбетов
"Пышақпен қорқытып, видеоға түсірді": Жамбылда бала зорлығына қатысты іс дауға айналды
Дана Нұржігіт балаларға жасалатын азғындықты тоқтатудың жолын айтты
Сенаторлар қашықтан оқытуға байланысты мектептерде қосымша сабақ енгізуді ұсынды
COVID-19 инфекциясын жұқтырған кезекші сынып оқушыларының саны артты
Кілт сөздер:
балалар құқығы, балалар үйі, Өскемен
Загрузка...

Басты тақырып