Өңірлер

Алматыда коронавирустың тағы бес ошағы анықталды

© Sputnik / Тимур БатыршинОпустевшй Алматы - виды с беспилотника
Опустевшй Алматы - виды с беспилотника - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін коронавирустан жазылып шыққан алматылықтың үйіне енгізілген шектеу шаралары алынғаны хабарланды

АЛМАТЫ, 27 наурыз– Sputnik. Алматы аумағында коронавирустың 24 ошағы бар. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті хабарлады.

Қазір Алматыда коронавирус инфекциясының 24 ошағы бар:

  • Әуезов ауданында екі инфекция ошағы бар: Жетісу-2 ықшам ауданы, 70А және Мамыр-4 ықшам ауданы, 313.
  • Алатау ауданында 3 жұқтыру ошағы бар: Заря-Восток ықшам ауданы, Сары-ой көшесі,234, Ақкент ықшам ауданы, 7, Ақбұлақ ықшам ауданы, 9;
  • Алмалы ауданы бойынша да  4 ошақ бар: Желтоқсан көшесі, 125, Жароков көшесі, 16, Жароков көшесі, 7; Жамбыл көшесі, 155;
  • Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді; Достық көшесі, 162, Гоголь көшесі, 75, Қонаевкөшесі, 62; Самал-3 ықшам ауданы, 5;
  • Жетісу ауданында 2 ошақ бар: Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51;
  • Түрксіб ауданында 7 ошақ тіркелген: Алтай-1, 8, "Жас қанат" ықшамауданы, 86, Майлин көшесі, 77, Спасская көшесі, 63, "Жұлдыз"ықшам ауданы, 45; Папанина көшесі, 145 а; Жұлдыз-1 ықшам ауданы, 13;
  • Бостандық ауданында бір ошақ: Тұрғыт Озал көшесі, 242; 
  • Наурызбай ауданында бір ошақ бар: Ақжар кенті, Береке көшесі, 1/97.

Айта кетсек, бүгін коронавирустан жазылып шыққан алматылықтың үйіне енгізілген шектеу шаралары алынды.

Соңғы ақпарат бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 125 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында – 60 , Алматы қаласында – 48, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3, Атырау облысы – 3, Шымкент қаласында – 2 ,Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1,Ақмола облысында – 1, Павлодар облысында – 1 адам.

Жаңалықтар
0