АЛМАТЫ, 27 наурыз– Sputnik. Алматы аумағында коронавирустың 24 ошағы бар. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті хабарлады.
Қазір Алматыда коронавирус инфекциясының 24 ошағы бар:
- Әуезов ауданында екі инфекция ошағы бар: Жетісу-2 ықшам ауданы, 70А және Мамыр-4 ықшам ауданы, 313.
- Алатау ауданында 3 жұқтыру ошағы бар: Заря-Восток ықшам ауданы, Сары-ой көшесі,234, Ақкент ықшам ауданы, 7, Ақбұлақ ықшам ауданы, 9;
- Алмалы ауданы бойынша да 4 ошақ бар: Желтоқсан көшесі, 125, Жароков көшесі, 16, Жароков көшесі, 7; Жамбыл көшесі, 155;
- Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді; Достық көшесі, 162, Гоголь көшесі, 75, Қонаевкөшесі, 62; Самал-3 ықшам ауданы, 5;
- Жетісу ауданында 2 ошақ бар: Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51;
- Түрксіб ауданында 7 ошақ тіркелген: Алтай-1, 8, "Жас қанат" ықшамауданы, 86, Майлин көшесі, 77, Спасская көшесі, 63, "Жұлдыз"ықшам ауданы, 45; Папанина көшесі, 145 а; Жұлдыз-1 ықшам ауданы, 13;
- Бостандық ауданында бір ошақ: Тұрғыт Озал көшесі, 242;
- Наурызбай ауданында бір ошақ бар: Ақжар кенті, Береке көшесі, 1/97.
Айта кетсек, бүгін коронавирустан жазылып шыққан алматылықтың үйіне енгізілген шектеу шаралары алынды.
Соңғы ақпарат бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 125 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында – 60 , Алматы қаласында – 48, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3, Атырау облысы – 3, Шымкент қаласында – 2 ,Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1,Ақмола облысында – 1, Павлодар облысында – 1 адам.