Өңірлер

Теміртаудағы жантүршігерлік жол апаты: өлім аузынан қалған қыз есін жиды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуБалалар ауруханасы
Балалар ауруханасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушы қыз комадан оянды, бірақ сөйлемейді, денесінің сол жақ бөлігін қозғалта алмайды

ҚАРАҒАНДЫ, 2 қараша — Sputnik. Теміртауда 11 қазан күні жаяу жүргіншілер өткелінде жантүршігерлік жол апаты болды. Жеті жасар Маша әжесімен бірге жолдан өтіп бара жатқан. Оларды микроавтобус қағып кетті, куәгерлердің айтуынша, жүргізуші соққыдан кейін ғана тежегішті басыпты.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мәдина Сәдуақасова ұшыраған жол апаты: жедел жәрдем оқиғаның мән-жайын айтты

Ауыр жарақат алған әжесі мен немересі жансақтау бөліміне жеткізілді. Машаның миына қатты зақым келіп, көптеген жарақат алған. Тыныс ала алмаған соң, дәрігерлер баланы медициналық комаға түсіріп, өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосады. Ал Машаның әжесі жабық бассүйек-ми жарақаты мен көптеген сынық алса да, апаттан кейін есін жоғалтпапты. Алайда екі күннен соң әйелдің хәлі күрт нашарлап, дәрігерлер оны да комаға жатқызады.

Қазір зардап шеккендердің беті бері қарап келеді, бірақ қыздың анасы Оксана Смагулова айтқандай, әлі нақты бірдеңе айту қиын. Дәрігерлер Машаның миына қаншалықты зақым келгенін айта алмайды.

"Жақында ғана комадан шығарды, есін жиды, — дейді Оксана. — Дәрігерлер, ақыл-есі дұрыс деп айтты. Бірақ Маша әлі сөйлемейді, денесінің сол жағын қозғалта алмайды. Күліп, көзін жыпылықтады, бізді таныған сияқты, бірақ сөзімізді түсіне ме, жоқ па – білмеймін. Баланың не ойлап отырғанын білу қиын".

Маша енді сөйлеуді де, жүруді де қайтадан үйренеді. Қыздың анасы айтқандай, әлі бірнеше ота жасалуы тиіс екен.

Ауди жүк көлігіне соғылып, әйелді қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда рөлге ие бола алмаған жүргізуші қарт әйелді қағып өлтірді

"Асфальт үстімен сүйреп әкеткенде, бір қолының терісі сыдырылып қалған. Алақанынан шынтағына дейін қатты зақым келген, бірақ сүйегі аман. Енді терісін ауыстырып салады. Ауыр хәлде жатқанында, дәрігерлер ота жасаудан жасқанған", — деп хабарлады Смагулова.

Машаның әжесін туыстары әлі көрген жоқ. Әйел есін жиыпты, өзі тыныс алады, бірақ жарақатынан кейін пневмонияға шалдыққан екен. Дәрігерлер палатаға шығаруға әлі ерте деп отыр.

Апаттан кейін Машаның сыныптастарының анасы отбасыға көмектесуді ұйғарыпты. Олар қор ашып, Теміртау тұрғындары 700 мың теңге жинап берген.

Бұл отбасыға үлкен көмек болғалы тұр, өйткені Маша толығымен сауығып кетуі үшін ұзақ реабилитациядан өтуі тиіс, бұл кезең бір-екі жылға созылуы мүмкін.

Малика Мұхитова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: Судья марқұмның анасының сөзін жоққа шығарды

"Жұрттың бәрі қайғымызға ортақтасуына не себеп болғанын білмеймін. Бәлкім, бұл мәселе бәрінің ашуына тиіп жүрген болар. Өйткені ол өткелді жақында ғана жөндеген болатын. Қазір ұшу-қону жолағы сияқты. Бағдаршам жоқ, белгі ғана бар. Ол жолды жөндегеннен бұрын тұрған еді. Сол себепті жүргізушінің білуі тиіс болатын. Оның үстіне жолға жылдамдық бәсеңдеткіш салса болар еді. Адамдар соған ашуланып отыр. Біз бақылау камераларының жазбаларын қарадық, жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде жылдамдықты азайтудың орнына, одан бетер зулай жөнелді, тез өтіп кетпек болған сияқты. Куәгерлер көп болатын, микроавтобуста да адамдар болды, жерлеу рәсіміне бара жатты ғой деймін. Жүргізуші бізден кешірім сұраған жоқ, бірде-бір рет хабарласпады. Енді мұнымен полиция айналыссын".

Тәртіп сақшылары Оксанамен бір-ақ рет қана сөйлесіпті. Жол апатынан кейін зардап шеккендерден жауап алмақ болғанымен, әжейдің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Істің қалай жүріп жатқаны туралы жәбірленушілердің отбасы бейхабар.

Жаңалықтар
0