Оқиға

Алматыда рөлге ие бола алмаған жүргізуші қарт әйелді қағып өлтірді

© SputnikАуди жүк көлігіне соғылып, әйелді қағып кетті
Ауди жүк көлігіне соғылып, әйелді қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда жылдамдықты асырған жүргізуші жол тайғақта көлікті басқара алмай қалған

АСТАНА, 1 қараша — Sputnik. Алматыда тайғақ жол мен жылдамдықты асыру салдарынан ірі жол апаты болып, салдарынан бір әйел қаза тапты.

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда ірі жол апаты болды: көліктердің тас-талқаны шыққан - фото

Жол апаты сағат 11:00-де Сүйінбай даңғылында Кожедуб көшесінен төменірек жерде болған. 

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Сүйінбай даңғылымен солтүстікке бағытта бара жатқан жүк көлігі оң жақтағы аулаға бұрыла бергенде, алдынан көлік шығып, тоқтауға мәжбүр болады.

Сол кезде Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта қатты жылдамдықпен Audi 80 көлігі бара жатқан еді. Бұрылыста жолдың тайғақтығынан жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік бір жаққа ығысып, жүк көлігінің тіркемесіне соғылып, соққыдан кейін инерциямен 60 жастағы жаяу жүргінші әйелді қағып кетеді. Ақырында көше шамының бетон бағанасына соғылып тоқтайды.

Қарт әйел жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші ауыр жарақат алыпты. Бетон бағанаға соғылып, быт-шыты шыққан көліктен жүргізушіні құтқарушылар шығарып алған.

© SputnikЖол апатынан қарт әйел көз жұмды
Жол апатынан қарт әйел көз жұмды - Sputnik Қазақстан
Жол апатынан қарт әйел көз жұмды

Қазір жол апатына айыпты ер адам жақын маңдағы ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ол рөлде мас күйінде болған. Бұл деректі жол апатын тергеу барысында полицейлер анықтайды.

Жаңалықтар
0