Өңірлер

Астанада 15 жастағы қызды автобус қағып өлтірді

Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша, қыз жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен

АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Астанада №40 жолаушылар автобусы кәмелетке толмаған қызды басып өлтірді.

Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жүргізуші рөлде ұйықтап кетті – жантүршігерлік апаттың суреттері

Қайғылы оқиға Кенесары көшесінде бүгін сағат 14.40-да болған. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі растады.

Алдын-ала мәлімет бойынша, 15 жасар қыз жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен. Бағдардағы автобустың қағып кетуі салдарынан ол сол жерде көз жұмды.  

Жол-көлік оқиғасы дерегі негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзуы) бойынша алдын ала тергеу басталды.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.   

Жаңалықтар
0