Оқиға

Алматыда жүргізуші рөлде ұйықтап кетті – жантүршігерлік апаттың суреттері

© SputnikАлматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бетпе-бет соқтығысқан екі көлік екі жаққа ұшып түсті, олардың біреуі арыққа түсіп кеткен

АСТАНА, 21 қазан — Sputnik. Жол-көлік оқиғасы Алматыдағы Жандосов көшесінде, Алтынсарин көшесіне жетпей болған.

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes 190 автокөлігі Жандосов көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Осы кезде оны қарсы бетке шығып кеткен Ford Focus соққан.  

© SputnikАлматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты - Sputnik Қазақстан
1/2
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты
© SputnikАлматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты - Sputnik Қазақстан
2/2
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты
1/2
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты
2/2
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты

Алдын ала болжам бойынша және куәгерлердің айтуынша, Ford Focus жүргізушісі рөлде қалғып кетіп, қарсы жолдағы Mercedes-ті соққан. Күшті соққыдан Ford жиектасқа шығып кетіп, ағаштар арасында бір-ақ тоқтаған.

Жолдағы ескерту белгісі. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды

Mercedes ауыр соққыдан артқа қарай жүріп, қарсы жолақты басып өтеді де, ағаштар арасына кіріп, арыққа түсіп кеткен.

Оқыс оқиға салдарынан бес адам –  Ford Focus-тың екі жолаушысы, сондай-ақ Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы зардап шекті. Mercedes жүргізуші және жолаушысы хал үстінде жатыр.

Оқиға орнында мән-жайды анықтау үшін жол полициясының қызметкерлері, криминалистер мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. 


Жаңалықтар
0