15:46 07 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.66
  • EUR500.44
  • RUB5.62
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
46 0 0

Иранның үш азаматы Каспий теңізінде уланып, көз жұмған

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Каспий теңізінде ирандық теңізшілердің улануына қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы бүгін ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі.

Демалыс күндері шетелдік БАҚ-та Каспий теңізінде бидай тиелген Иранның жүк кемесінде теңізшілер уланып қалғаны хабарланған еді. Үш адам көз жұмған. Смадияровтың айтуынша, кеме Ақтаудан Бакуге бет алған.

"Бізде бар ақпаратқа сәйкес, оқиға Каспийдің нейтралды суларында болған. Уланған ирандық азаматтарды Баку қаласына Әзербайжанның кемесі жеткізген. Теңізшілердің неден уланғаны белгісіз", — деді ол апта сайынғы брифингте.

Ол ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық инспекциясы улану себептерін анықтау бойнша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Тағы оқыңыз:

"Толық ақпарат инспекция жүргізген жұмыс нәтижесінде белгілі болады. Әзірге Иран тарапы Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне жүгінген жоқ", — деді Смадияров.

Тақырып бойынша

Шымкент дәмханасында қонақтар кешкі астан уланып қалды
Ақмола облысында жаназаға жиналған жұрт уланып қалды
Оралда әйел өзі пісірген мәнтіден уланып, қаза тапқан
Қызылордада жолдасын құтқармақ болған жұмысшылар газдан уланып қалды
Индонезияда жер сілкінісінен 2 мыңнан астам адам өлді — видео
Сайлау кезінде болған жарылыстан 55 адам өлді
Кореяда 5 жасар қазақстандық бала өлді: емхана қарызды өтемейінше денені бермей қойған
Кілт сөздер:
министрлік, азамат, улану, түсініктеме, өлім, СІМ, Атырау облысы, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып