Әлем

50-ден астам адам ұннан уланып, ауруханаға түсті

© Sputnik / Э. Вильчинский / Медиабанкке өтуНан
Нан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Науқастар ұн құрамындағы улы өсімдік гелиотроптан зардап шеккен

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Тәжікстанда улы ұннан жасалған тандыр нан жеген 50-ден астам адам ауруханаға түсті.

Таулы-Бадахшан автономды облысы Ишкашим ауданында он алты бала мен 38 ересек адам зардап шеккен, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.

"Бәрі де дәрігерлердің ерекше бақылауына алынған. Жағдайлары жақсарған соң, ауруханадан шығарылады", — деп атап өтті Тәжікстанның денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Тәжіктерде бастапқы ауру нышандары 17 қаңтарда байқалыпты. Сөйтсе, дертке шалдыққандардың бәрі құрамында улы өсімдік – гелиотроп бар ұннан жасалған тандыр нан жеген екен.

© CC0 / VirginieГелиотроп
Гелиотроп - Sputnik Қазақстан
Гелиотроп

31 қаңтарда уланып қалған 11 жастағы бала көз жұмды.

Жаңалықтар
0