Өңірлер

Тірідей жанып кете жаздаған жеткіншектің анасы көршінің егіз ұлдарын айыптайды

© Sputnik / Ксения ВоронинаБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денесінің 18 пайызы күйіп кеткен бала үш күн жансақтау бөлімінде жатып, жалпы палатаға ауысты

ТАРАЗ, 22 маусым — Sputnik. Тірідей жанып кете жаздаған жеткіншектің анасы оның үстіне көрші үйдің балалары әдейі от қойған деп есептейді. Сондықтан бұзақылар мен олардың ата-анасын қатаң жауапқа тартқызуды талап етіп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Таразда 6 жастағы бала көшеде жүріп отқа оранған. Оны туған ағасы дер кезінде байқамағанда тірідей жанып кетуі мүмкін еді. Жан ұшыра айғайлаған бауырының дауысын естіген ол дереу жетіп арқасындағы лапылдаған отты сөндірген. Зардап шегушінің анасы бұл жағдайға көрші үйдің 7 жастағы егіздерін айыптайды.

"Есін жиғаннан кейін ұлымның өзі айтты. Рома дегені Максимнің үстіне бензин шашып жіберген. Артынша Данил сіріңкені тұтатып лақтырған. Қойыңдаршы деп жалынған, бірақ олар дегендерін істеген", — дейді Максимнің анасы Вера Легостаева.

Вера Легостаеваның айтуынша, көршісі жанармай бекетінде оператор болып істейді екен. Балалар бензинді үйден алып шыққан көрінеді. Оның үстіне, олардың бұзақылықпен көзге түсуі бірінші рет емес деп отыр.

Шырпы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ойнап жүрген балалар сәбидің үстіне жанғыш сұйықтық шашып, өртеп жіберді

"Меніңше, бұл балаларды ата-анасынан ажыратып, арнайы тәртібі нашар балалар оқитын мектепке беріп, әке-шешесін де қатаң жазалау керек. Мұндай жағдай шетелде болса, дәл осылай жасар еді", — дейді ашынған ана.

Ал егіздедің анасы Наталья тентектерін ақтап әлекке түсті. Оның сөзіне сүйенсек, Максим байқаусызда өзін-өзі өртеп алған. 

"Мұны қанішерлік, әдейі істеді деп айтуға келмейді. Олар ойнап жүріп, ішінде сұйықтығы бар құты  тауып алған. Ішіндегісін екінші ыдысқа  құйып сапырған. Осы сәтте өрт шыққан болуы мүмкін", — дейді ол.

Автокөлік салонында қараусыз қалған бала тірідей өртеніп кетті>>

Денесінің 18 пайызы күйіп қалған Максим үш күн жансақтау бөлімінде жатып, жалпы палатаға бүгін шықты. 

"Баланың қазіргі хәлі тұрақты ауыр деп бағалаймыз. Бір аптадан кейін екінші кезеңдегі операцияға дайындап жатырмыз. Ол операция денедегі күйген терілерді тазалап алу үшін қажет. Содан кейін үшінші кезеңде ол жерге басқа тері жабыстырамыз", – деп мәлімет берді Тараз қалалық №2 ауруханасы күйік бөлімінің меңгерушісі Әбілсейіт Сыдықов.

Максимнің анасы қанша тырысса да, баласына жәбір көрсеткендер жазасыз қалатын сияқты. Себебі  кінәлі екені дәлелден жағдайда жас ерекшелігіне байланысты жауапқа тартылмайды. Дегенмен істің анық-қанығын білу мақсатында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өзбекстанда қаскөйлер кәсіпкерді тірідей өртеп жіберді>>

Мектептегі жөндеу жұмысы кезінде мұғалім күйіп қалды>>

Жаңалықтар
0