Оқиға

Ойнап жүрген балалар сәбидің үстіне жанғыш сұйықтық шашып, өртеп жіберді

© Photo : Pixabay / Radosław KulupaШырпы
Шырпы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы бір қалыпты

АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Балалар ойнап жүріп, алты жасар жеткіншекті өртеген. Денесінің 18%-ы күйіп қалған бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Өртеніп жатқан адамды өшіру процесі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Өзбекстанда қаскөйлер кәсіпкерді тірідей өртеп жіберді

"Оқыс оқиға Таразда болды. 17 маусымда кешкі сағат 18:00-де Менделеев көшесінде ойнап жүрген балалар алты жасар жеткіншектің үстіне жанғыш сұйықтық шашып, өртеп жіберген", — деп мәлімет берді ведомство.

Бала ІІ және ІІІ дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Денесінің 18 пайызы күйіп қалған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайының ауырлығы орташа деп бағалайды.

Жаңалықтар
0