Өңірлер

Көз жұмған шымкенттік түлек менингит жұқтырған болып шықты

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуЖан сақтау бөлімінің архивтегі фотосы
Жан сақтау бөлімінің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Менингококк инфекциясы расталғаннан кейін жасөспіріммен қарым-қатынаста болған адамдар тексеріліп жатыр

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Шымкентте 18 жастағы мектеп түлегінің қазасына менингококк себеп болды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы. 

Науқас - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Талдықорғанда үш адам менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті

"Зертханалық зерттеу нәтижесінде менингококк инфекциясын жұқтырғаны расталды. Қазіргі таңда біз көз жұмған науқаспен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеріп жатырмыз", — дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.   

2000 жылғы науқас 15 маусым күні таңғы алтыда менингитке шалдықты деген күдікпен ауруханаға түскен. Таңғы жетіде жасөспірім көз жұмған.  

2018 жылдың басынан бері Қазақстанда 62 адам менингококк инфекциясын жұқтырғаны расталды, оның он үші көз жұмды, қазір жеті адам ем қабылдап жатыр.   


Жаңалықтар
0