Өңірлер

Алматыда танымал боксшы қатысқан төбелестің видеосы шықты

© Sputnik / Анна Соловьева / Медиабанкке өтуТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде видеосы тарап кеткен оқиғаға қатысты полицейлер мәлімет берді

АЛМАТЫ, 6 маусым — Sputnik. Алматы полициясы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қатысқан төбелес пен атыс болғанын растады.

Желіде тарап кеткен видеода жігіттердің арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласады. Бір кезде ер-азаматтардың бірі тапанша алып шығып, оқ атқан.

"Бұл оқиға биыл 25 мамырда Алматы қаласы Алмалы ауданында болды. Травматикалық қарумен оқ атылған жанжал барысында ешкім зардап шеккен жоқ", — деп хабарлады қалалық ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

 

 

"Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Боксшы Жанқош Тұраров кәсіби рингте 22 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Жаңалықтар
0