АЛМАТЫ, 6 маусым — Sputnik. Алматы полициясы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қатысқан төбелес пен атыс болғанын растады.
Желіде тарап кеткен видеода жігіттердің арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласады. Бір кезде ер-азаматтардың бірі тапанша алып шығып, оқ атқан.
"Бұл оқиға биыл 25 мамырда Алматы қаласы Алмалы ауданында болды. Травматикалық қарумен оқ атылған жанжал барысында ешкім зардап шеккен жоқ", — деп хабарлады қалалық ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Боксшы Жанқош Тұраров кәсіби рингте 22 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.