Өңірлер

ОҚО-да 85 жастағы кейуана өз баласын не үшін өлтіргені анықталды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуҚарт әйелдің архивтегі фотосы
Қарт әйелдің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қанды оқиға күні 55 жастағы ер адам қарт анасына қол көтерген. Күйіп кеткен шешесі асхана пышағын баласына сұғып алған

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсукент ауылында өз ұлын өлтірген 85 жастағы кейуанаға қатысты сот процесі ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр. Қарияға 55 жастағы маскүнем ұлын өлтірген деп айып тағылды, деп хабарлады otyrar.kz.

кісен, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ОҚО-да туған баласын өлтірген 85 жастағы кейуана ұсталды

Тергеу кезінде марқұм жәбірленуші алкогольді ішімдікке әуес болғаны, сондай-ақ, мас халде туған анасын сабайтыны анықталған. Қанды оқиға күні де қарт анасына қол көтерген. Күйіп кеткен шешесі қапелімде асхана пышағын алып баласына сұғып алған. Оқиғаның ақ-қарасы сотта белгілі болады.

Қарт ананың егде жасы ескеріліп, сотқа дейінгі тергеу кезінде үйқамақта болған. Көршілері өз баласын өлтірген кейуананы жақсы кісі, сыпайы деп сипаттаған. Тіпті көршілер болып кейуананы қорғап, жақтап, петицияға қол қоймақ ниеттері бар екенін білдірген. Сайрам ауданының Ақсукент ауылында болған бұл жағдай бүкіл елдің зәресін ұшырып, жағасын ұстатқан болатын.

Ұлын өлтірген соң кейуана полицейлерді өзі шақырып, кінәсін мойындаған. Араққа сылқия тойған ұлы анасын таяққа жыққан, шыдай алмаған әжей тәртіп сақшыларын шақырғанын айтқан.

Полицейлерді шақыртқанына одан бетер ызаланған 55-тегі ұлы анасына қайта қол көтерген. Кейуана қорғанбақ ниетте асхана пышағын пайдаланған.


Жаңалықтар
0