АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында өз баласын өлтірді деген күдікпен 85 жастағы қарт әйел ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2018 жылдың 16 наурызында Сайрам аудандық ішкі істер бөліміне өзінің баласын өлтіргені туралы хабарлаған. Оқиға орнына келіп жеткен полиция 1963 жылы туған ер азаматтың мәйітін тапты. Күдікті ретінде өлген азаматтың анасы, 1933 жылы туған азаматша анықталды. Қазіргі таңда сот шешімімен ол үйқамаққа алынды", — деп хабарлады ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.
Полицияның мәліметінше, анасының қолынан қаза болған ер адам ішімдікке әуес және ішкі істер органдары мен наркодиспансерде есепте тұрған.