Өңірлер

Шымкенттік "Реалдың" жеңісіне 10 миллион теңге тігіп, қомақты ұтысқа ие болды

© REUTERS / Paul HannaЖанкүйерлер "Реалдың" Чемпиондар лигасындағы жеңісін тойлап жатыр
Жанкүйерлер Реалдың Чемпиондар лигасындағы жеңісін тойлап жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәуекелшіл жанкүйер 90 минуттың ішінде өзінің ақшасына 7,1 миллион теңге қосып алды

АСТАНА, 27 мамыр — Sputnik. Шымкентте испаниялық "Реалдың" жанкүйері өз командасының Чемпиондар лигасы финалындағы жеңісіне 10 миллион теңге тікті, деп хабарлады SportX.kz. 

Чемпиондар лигасының финалында Реал Ливерпулді ұтты - Sputnik Қазақстан
Спорт
Чемпиондар лигасының жеңімпазы анықталды

Айта кетейік, Киев төрінде испанның "Реал Мадриді" ағылшынның "Ливерпулін" 3:1 есебімен ұтқан болатын. Тәуекелшіл фанаттың болжамы дәл келіп, 17,1 миллион теңге ұтысқа ие болды. Яғни, ол 90 минуттың ішінде өзінің ақшасына 7,1 миллион теңге қосып алды.

Рrosports.kz порталы жазғандай, матчтағы қызықтың бәрі үзілістен кейін болды. 51-минутта қақпашы Лорис Кариустың өрескел қателігінен кейін Карим Бензема есеп ашты. Бірақ төрт минуттан соң Садио Мане таразы басын теңестірген. Ал 64-минутта Марселоның қапталдан асырған пасынан соң Гарет Бэйл қайшылай соққы жасап, "Реал" тағы да алға шықты. Бұл голмен мадридтік команда тоқтап қалған жоқ. 83-минутта Бэйлдің алыстан жасаған соққысын Кариус ұстап тұрып, жіберіп алды. Осылайша "Реал" қатарынан үшінші жыл Чемпиондар лигасын жеңіп алды.   


Жаңалықтар
0