Өңірлер

Ерлі-зайыптылар шашқа арналған лак пен фенді пайдаланып жалған ақша жасаған

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олар жалған ақшаны бейтаныс адамдарға айырбастатып, азық-түлік және телефон сатып алған

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Оралда жалған ақша жасау ісіне қатысты үкім шықты.

Сот процесі Оралдың №2 қалалық сотында өткен. Отырыс барысында белгілі болғандай, биыл қаңтарда ерлі-зайыптылар мен олардың сыбайласы Атыраудан Оралға барады. Дүкеннен принтер, қағаз, сызғыш, желім, шашқа арналған лак және купюраларды кептіру үшін фен сатып алған.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда жалған ақша шығаратын цех табылды

Күйеуі интернеттен жалған ақша жасау технологиясын біліп, жалдамалы пәтерде банкноттарды шығара бастайды. Жалған ақшаны сотталушылар дүкендер мен базарларда жұмсаған, деп жазады "Мой город".

Олар номиналы 20 мың теңге купюраларды жұмсап, 40 мың теңгеден екі телефон сатып алыпты. Дүкендерден азық-түлік алып, ірі купюраларды бейтаныс жандарға айырбастатқан, алаяқтықпен тапқан қаражаттың жалпы сомасы 80 мың теңге.

Сот күйеуі мен оның сыбайласын айыпты деп танып, бес жылға соттады. 

Әйелі де бес жылға сотталғанымен, кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы болғандықтан, жазасын бес жылдан соң өтейтін болды. Сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Жаңалықтар
0