Өңірлер

Алматыда жалған ақша шығаратын цех табылды

© SputnikАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Цехтен екі мың теңгелік купюраның эскизі салынған 60-қа жуық қағаз табылған

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Алматыда номиналы 2000 теңге жалған теңге шығарумен айналысқан цех табылды.

Алматыдағы жалған ақша шығарушылар цехы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жалған ақша шығарушылар цехы жабылды

Алматы мемлекеттік кірістер департаменті брифингінде хабарланғандай, экономикалық тергеу қызметкерлері Айгерім-2 шағын ауданы учаскелерінің бірінде жалған банкноттар шығаратын цех, құрылғылар (ноутбуктер, принтерлер, фольга), голограммасы бар, номиналы 2000 теңге жалған купюра эскиздері тапқан.

Тінту барысында ер адамның танысымен бірігіп, жалған ақша жасаумен астыртын айналысқаны белгілі болды.

"Жалған ақшалай қаражатты жасаумен екі азаматтың айналысқанын ескере отырып, аталған дерек ҚР ҚК 231 бабы, 2 бөлігі, 1 пункті бойынша қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеулердің Бірыңғай реестріне тіркелді", — деді МКД. 

Цехтен купюра эскиздері салынған 58 дана А4 парағы табылған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдарының нәтижесінде үкім шығарылып, соған сәйкес ұйымдастырушы бес жыл жеті айға бас бостандығынан айырылып, ал оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде сотталды.

Жаңалықтар
0