09:47 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
106 0 0

Ертең бірқатар өңірде ауа райы бұзылып, қатты жел соғады

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Астана қаласы мен 3 облыста 18 мамырда дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

18 мамырда Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с жел соғады. Кей жерлерде тұман түсіп найзағай болуы мүмкін.

Астана қаласында күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавл қаласында күндіз солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман және күші 15-20 м/с жел соғады.

Загрузка...

Басты тақырып