АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Астана қаласы мен 3 облыста 18 мамырда дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
18 мамырда Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с жел соғады. Кей жерлерде тұман түсіп найзағай болуы мүмкін.
Астана қаласында күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады.
Петропавл қаласында күндіз солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман және күші 15-20 м/с жел соғады.