Өңірлер

Атырауда үйдің ауласындағы әжетханаға кеткен қыз із-түзсіз жоғалды

© PhotoЖасөспірімнің қолындағы телефон, иллюстративті фото
Жасөспірімнің қолындағы телефон, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоғалған 18 жастағы қыздың жеке куәлігі ауылдағы такси жүргізушілерінің тұрағынан табылды

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Атырау облысында ауыл тұрғыны алты тәуліктен бері іздестіріліп жатыр.  

18 жастағы Алина Құрманалиева 5 мамыр күні Ганюшкино ауылындағы үйдің ауласында орналасқан әжетханаға шығып кетіп, қайтып оралмаған.

"Алина қайтып келмеген соң, анасы іздеп шықты, алайда оны әжетханадан да, үйдің ауласынан да таба алмаған, есік жабық болған. Үйдің айналасын қарап шықтық, ешқандай із таппадық, біреу алып кетті дейін десең, көліктің ізі де болмады", —  деді Алинаның туысы "Мой городқа".

Кейінірек такси жүргізушілерінің тұрағынан қыздың жеке куәлігі табылды. Туыстары Құрманғазы ауданы ішкі істер бөліміне арыз жазды.

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жоғалып кеткен бала табылды

"Алып қашатындай ол ешкіммен кездесіп жүрген жоқ еді, үйден шықпайтын. Біраз уақыт Алина Оралдағы оқу орындарының бірінде білім алды, алайда сырқатына байланысты үйге қайтып келді. Алинаның жалғыз құрбысы өзге қалаға оқуға кетті, біреумен қарым-қатынас жасау үшін онда тіпті WhatsApp та болған жоқ. Ол Instagram-нан ғана парақша ашқан, "ВКонтактедегі" аккаунтын өшіріп тастады. Қайдан іздейтінімізді білмейміз. Телефонын сөндіріп қойған", — деп толықтырды әпкесі.

Қыздың қайда екенін білетіндер болса, мына телефондарға хабарласуына болады: 87024901145, 87750288652, 87781447558.

Қыздың белгілері: арық денелі, шашы қара, бойы — ортадан сәл төмен, қой көзді.   


Жаңалықтар
0