АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Астанада жоғалып кеткен оқушы үйіне өзі оралды.
Бейсенбі күні тоғыз жасар Мейіржан спорт кешенінен шығып, ата-анасы онымен байланыса алмаған. Олар баланың жоғалып кеткені туралы полицияға арыз берді.
"Сабақтан ертерек шығып, автобуспен үйге өзі жетпек болыпты. 16:00 кезінде үйге өзі келді", — деп хабарлады баланың анасы Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оқушыны төрт сағат бойы іздеген.