01:35 30 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD432.23
  • EUR506.79
  • RUB5.45
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
174 0 0

Қараңғыда адасып кеткен жастарды құтқарушылар бүгін таңертең тапты

АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен қыз бен жігітті құтқарды, деп хабарлайды ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

21 наурыз күні сағат 20:00-де ОҚО құтқарушыларының пультіне тауда жүрген 2001 жылғы жігіт пен қыз адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 

Телефон арқылы хабарласқан жастар нақты координаттарды атай алмаған, салдарынан іздеу жұмыстары қараңғыда қиындай түсті. 

Бүгін таңғы 10:30-да ТЖД жедел-құтқару отрядының құтқарушылары қыз бен жігітті Қазығұрт ауданында, Қазығұрт тауынан тапты. Азаматтар аман-есен туыстарымен қауышты.

Кілт сөздер:
тау, адасу, қыз бен жігіт, ОҚО
Загрузка...

Басты тақырып