11:08 24 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
460 0 0

Алматы прокуратурасы кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау және заңсыз бас бостандығынан айыру баптары бойынша қылмыстық іс қозғады

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. 15 жастар Әйгерім Рысбектің ұрлануы және зорлануы бойынша тергеу анасының халыққа үндеу жасауынан кейін басталды. Нұрлыхан Рахимова қызының қандай қорлық көргенін айтып берген видеосы желіде жарияланған болатын.

"Рахимованың Н.К. қызы Рысбекқызы А. жоғалып кеткенде полиция органдарының әрекетсіздігі және қызына сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасалуы туралы видеүндеуі зерттелді. Жәбірленушінің берген мәліметіне сәйкес ҚК 120-бабы 3-тармағы және 126-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық істер қозғалып, бір өндіріске біріктірілді", — делінген Алматы прокуратурасының кеше жарияланған хабарламасында. 

8 наурызда Нұрлыхан Рахимова әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялады. Оның айтуынша, қызы Әйгерім Рысбекті 23 ақпанда көлікке отырғызып, алып қашқан. Қыз алып қашқан жігітпен әлеуметтік желіде танысып,  Алматыдағы "Саяхат" вокзалында жолығатын болып келіскен екен. Әйелдің сөзіне сүйенсек, қызды бірнеше күн бойы қараңғы бөлмеде ұстап, зорлап, соққыға жыққан. Полицейлер Әйгерімді 12  күннен соң тауыпты, бірақ құқық қорғау органдары істі тергеуден бас тартқан. Нұрлыхан Рахимова видеоүндеуін "жан айқайы" деп атады.

Кілт сөздер:
қызды зорлау, қылмыстық іс, тергеу, прокуратура
Загрузка...

Басты тақырып