13:23 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
380201

Атышулы оқиғаға байланысты білім беру мекемесінде қызметтік тексеру жүріп жатыр – оқытушы мән-жайды түсіндірді

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Қаскелеңде ақыл-есі кем балаларға арналған интернат оқушысының әкесі ұлы мен жартылай жалаңаш тәрбиешінің үстінен түскен. Алматы облысы білім беру басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне осы оқиғаға қатысты мәлімет берді.

Ер адам 10 жастағы ұлын алып кету үшін интернатқа келгенде, бөлмеде екі әйел мен баласын көрген, әйелдердің бірі беліне дейін жалаңаш күйде төсекте жатқан.

Білім беру мекемесіндегі айғай-шу туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне Алматы облысы білім басқармасының мектеп алды, мектептен тыс және интернат мекемелері бөлімінің бас маманы Назира Жексембаева айтып берді.

Оның сөзіне сүйенсек, интернат тәрбиешісі жоғары білімді, интернатта 2009 жылдан бері істеп келеді. Бұрын баланың ата-анасымен ренжісіп, сөзге келмепті.

"Оның сөзіне сүйенсек, тәрбиеші Арсенге қарап, қамқор болып жүріпті. Мылқау бала болғандықтан, көп көңіл бөледі екен. Оның үстіне бала аутизм дертіне шалдыққан. Сол күні қан қысымы көтеріліп, тәрбиешінің жүрегі қысып, медбикені шақырады. Ал балаға ешкім тиіспесін деп бөлмеге кіргізіп алған. Қазір тәрбиеші емделіп жүр, жүрек қызметінің жетіспеушілігі диагнозы қойылған", — деп түсіндірді Жексембаева.

Білім беру мекемесінде қызметтік тексеру жүріп жатыр.

Кілт сөздер:
Қаскелең, интернат, тәрбиеші, оқушы
Загрузка...

Басты тақырып