Өңірлер

Қостанай облысында жоғалған жігіттің денесі табылды

© AFP 2024 / SANJAY KANOJIAМәйітхананың архивтегі суреті
Мәйітхананың архивтегі суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Игорьді досының үйінен шығып кеткеннен кейін ешкім көрмеген

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Қостанай облысында жоғалған 27 жастағы жігіттің денесі табылғанын оның әпкесі Нина Корякина хабарлады, деп жазды alau.kz.

 

Жүксалғыш - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ОҚО-да жоғалып кеткен ауыл тұрғыны өз көлігінің жүксалғышынан табылды
Лисаков тұрғыны 28 қаңтардан бері іздеуде болған. Әпкесінің айтуынша, ол Горняцкий елді мекеніндегі досына барған. Кейінірек досы хабарласып, Игорь кетіп қалғанын айтыпты. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Іздеуге полицейлер мен еріктілер жұмылдырылды.  

"8 ақпанда полициядан қоңырау шалып, бізді мәйітті тануға шақырды. Бауырым көз жұмды. Қазаның себебі анықталып жатыр", — деп хабарлады Нина Корякина.


Жаңалықтар
0