АСТАНА, 7 ақпан— Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында өртеніп кеткен көліктің ішінен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды TVK арнасы.
5 ақпан күні Қазығұрт ауданы Маятас ауылының тұрғыны жоғалып кеткенін полицияға туыстары хабарлаған. 1984 жылы туған ер адамды облыстың басқа ауданында өлтіріп кеткені белгілі болды. Оның мәйіті өртенген "Фольксваген Гольф-3" автокөлігінің жүксалғышынан табылған. Көлік марқұмға тиесілі екені анықталды. Қылмыс Түлкібас ауданының Жаскешу ауылына жақын маңда, Құлан өзенінің бойында жасалған.
6 ақпан күні аталған дерек негізінде ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Инсайдерлік ақпарат бойынша марқұм көлігін сатайын деп жүрген.